ҚЫЗМЕТТЕР

Компанияның таныстыру презентациясы (орысша)

 

Компанияның таныстыру презентациясы (ағылшын тілінде)

 

«Волковгеология» АҚ келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Өндіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін геологиялық барлау, гидрогеологиялық, технологиялық ұңғымаларды салу;
  • Қазақстан Республикасының уран шикізат базасын одан әрі дамыту үшін қабат-инфильтрациялық уран кен орындарын іздеу және барлау;
  • Қазақстан аумағындағы радиоэкологиялық жағдайдың жай-күйін бағалау бойынша радиоэкологиялық жұмыстар және геологиялық барлау мен технологиялық бұрғылау жұмыстарын радиоэкологиялық қолдау;
  • Тау жыныстары мен жер асты суларындағы радиоактивті және ілеспе элементтерді анықтау бойынша талдау жұмыстары.
  • Қоршаған орта саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету;
  • Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс жасау;
  • Тау-кен өндірісін жобалау және пайдалану;
  • Жылжымалы бұрғылау қондырғыларын жасау және жөндеу;
  • Тау-кен құралдарын, жабдықтарын және көлік құралдарын жасау және күрделі жөндеу;
  • Радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған контейнерлерді, орауыш жинақтарды өндіру.

         

Қазіргі уақытта «Волковгеология» АҚ 120 бұрғылау қондырғысымен жабдықталған, оның ішінде 9 гидравликалық өнімділігі жоғары KZ 800A жапондық KOKEN компаниясының бұрғылау қондырғысы. «Волковгеология» АҚ ТМД бойынша бұрғылау қондырғылары паркінің көшбасшысы болып табылады.

«Волковгеология» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрғылау жұмыстарының нарықтық үлесінің 90%-ға жуығын алып отыр, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің барлық түрлерін – уран кен орындарын іздеу мен барлаудан бастап оларды өнеркәсіптік іске қосуға дейін геологиялық қолдауды қамтамасыз етеді, компанияның уран өндіруші кәсіпорындарында тау-кен даярлау жұмыстары үшін технологиялық бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.        

     «Волковгеология» АҚ бұрғылау технологиясын дамыту және жетілдіру, жаңа техниканы енгізу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Технологиялық құралдар мен құрылғылардың жаңа түрлерімен (ағынды аппараттар және гидроимпульстік жүйелер), технологиялық және барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған полимерлі ерітінділермен, цементті қолдау арқылы құбыр сырты кеңістігін классикалық гидрооқшаулауды алмастырған және жоғары сапалы гидрооқшаулауды және айтарлықтай шығындарды үнемдеуді қамтамасыз еткен бентонит гильзаларымен жабдықталған жетілдірілген ұңғымаларды игеру қондырғылары (ҰИҚ) әзірленді және енгізілді. Тау жыныстарын талқандаушы құралдардың заманауи түрлері, бұрғылау жұмыстарында еңбек өнімділігін арттыруға және өндірістік емес шығындарды, тоқтап тұруды азайтуға көмектесетін техникалық құралдар жасалып, енгізілуде.

 

«Волковгеология» АҚ-ның бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары нарығындағы үлесі 

 

 

ҚЫЗМЕТТЕР