УРАН КЕН ОРЫНДАРЫН ІЗДЕУ ЖӘНЕ БАРЛАУ
Отзывы АО "ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ"

Отзывы АО "ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ"
Отзывы АО "ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ"
Отзывы АО "ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ"
Отзывы АО "ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ"
Отзывы АО "ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ"

Компания туралы

 «Волковгеология» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің барлық бағыттарын геологиялық қамтамасыз ету бойынша және компанияның уран өндіруші кәсіпорындарының тау-кен дайындық жұмыстары үшін технологиялық бұрғылауды жүргізу бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің негізгі кәсіпорны болып табылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында жерасты сілтісіздендіру әдісімен уран өндіруді ұлғайту қажеттілігіне байланысты «Волковгеология» АҚ-на технологиялық бұрғылауды (технологиялық ұңғымаларды салу) үлкен көлемде жүргізу арқылы уран кен орындарының жаңа учаскелерін пайдалануға дайындау тапсырылды. Бұл жұмыс жетістікпен жүргізіліп, Қазақстандағы уран өндірісін арттыруға айтарлықтай ықпал етуде.

«Волковгеология» АҚ өзінің 70 жылдық тарихында 40-тан астам уран кен орындарын ашты және жалпы 1,3 миллион тоннадан астам уран қорын құрайтын Қазақстандағы уран өндіру өнеркәсібінің әлемдегі ең ірі минералдық-шикізаттық базасын құрды. Бұл базаның негізін «Волковгеология» АҚ-мен Оңтүстік Қазақстанда ашылған гидрогенді 19 ірі және бірегей уран кен орындары құрайды. Олар жерасты сілтісіздендірудің жоғары тиімді әдісімен өндіруге жарамды.

«Волковгеология» АҚ өзінің өндірістік қызметінің бағыттары бойынша, оған КСРО қорғаныс кешені мен атом энергетикасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған Қазақстан аумағында уран кендерін іздеу, барлау жөніндегі міндеттер жүктелген, КСРО Геология министрінің 1947 жылғы 29 қазандағы № 173 бұйрығына сәйкес 1948 жылғы 1 қаңтарда құрылған Волковская геологиялық барлау экспедициясының мұрагері болып табылады. Волковская экспедициясы жұмысының алғашқы жылдарының өзінде-ақ Қордай жоғары сапалы уран рудаларының кен орны ашылды, ол аз уақыт ішінде барланып, өнеркәсіптік игеруге берілді (1953ж.).

Ең ірі ашылымдар 1969 жылдан бастап 1980 жылға дейін яғни Оңтүстік Қазақстанда уран кенінің қоры бойынша дүние жүзінде ең үлкен болып табылатын Шу-Сарысу және Іле ойпаңдары уран провинциясы табылған кезде жүзеге асырылды.

Осы ашылулардың арқасында Қазақстан жерасты шаймалау әдісімен өндіруге жарамды барланған уран қоры бойынша әлемдік көшбасшыға айналды.

 

Уран өнеркәсібі саласындағы жұмыстардан басқа, «Волковгеология» АҚ қатты пайдалы қазбаларды іздеу және барлау жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде:

  • Родниковое полиметалл кен орны ашылды, оның қорларын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорлар комитетінде бекітілген;
  • Құйған-Майбұлақ мыс кен орындары тобы ашылды;
  • Қаптау материалдарының бірқатар кен орындары барланған: жасыл гранит, мәрмәр конгломераттар және туфтар;
  • Үлкен Қаратау және Шу-Іле-Кендіктас өңірінде алтын кенашылым орындары барланған;
  • • Қытай Халық Республикасында үлкен көлемде геологиялық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстарын жүргізілді.

 
 Марапаттар:

  • Еңбек Қызыл Ту Ордені, КОБОК (Кәсіптік Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі) мен КСРО ХШЖК-нің (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің) ауыспалы тулары.
  • Жетекші кәсіпорындарды марапаттау швейцариялық бағдарламасы – «Сапасы үшін Еуропалық ГРАН-ПРИ» - 2014 ж.
  • Қазақстан Республикасының «АЛТЫН ГЕФЕСТ» Ұлттық салалық байқауының «Отандық мақтаныш» номинациясы бойынша жеңімпазы - 2011 ж.
  • «Волковгеология» АҚ «№7 геологиялық барлау экспедициясы» филиалы директорының «Алтын Гефест» байқауында «Жыл геологы» номинациясы бойынша жеңісі - 2012 ж.

 

«Волковгеология» АҚ құрылымына Орталық басқару аппараты (ОБА) және 6 филиал кіреді: «Оңтүстік ВГ», №5, №23 геологиялық барлау экспедициялары (ГБЭ), Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы (ОТӘЭ), Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтау басқармасы (ӨТҚЖБ), сонымен қатар «Геотехноцентр» (ГТЦ).

 

«Волковгеология» АҚ миссиясы: Қазақстан Республикасындағы уран өнеркәсібінің және қатты пайдалы қазбалардың ресурстық базасын кеңейту және толықтыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу.

Болжау: 2025 жылға қарай «Волковгеология» АҚ – уран геологиялық саласында құзыреттің центрі болып табылатын, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде өзінің қызметтерін ұсынатын, озық технологиялары бар және халықаралық стандарттарға сәйкес қатты пайдалы қазбалардың барлық түрлеріне жоғары сапалы геологиялық барлау жұмыстарының толық кешенін жүргізетін, Қазақстан Республикасының заманауи жетекші геологиялық барлау компаниясы.

  • «Волковгеология» АҚ – уранның минералдық-шикізаттық базасын толықтырудың негізгі элементі
  • «Волковгеология» АҚ – уран геологиялық саласында технологиялық және кәсіби құзыреттердің центрі
  • Экожүйеге ең аз теріс әсер ету арқылы жұмыстың барлық түрлерін орындау

 

Стратегиялық мақсаттар

«Волковгеология» АҚ директорлар кеңесі 2025 жылға дейінгі кезеңге екі стратегиялық мақсатты бекітті. Олар «Волковгеология» АҚ үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ анықтаған қызметтің стратегиялық бағытын – уранның ресурстық базасын толықтыруды көрсетеді:

  1. Қоғамның экономикалық қосылған құнын арттыру;
  2. Уран ресурстық базасын толықтыру арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымындағы тау-кен өндіруші кәсіпорындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.

 

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
    • Уранды перспективаларды зерттеу
    • Уран кен орындарын іздеу және барлау, ҚПҚ және ЖС
    • Қазақстан аумағындағы радиоэкологиялық жағдайдың жай-күйін бағалау бойынша радиоэкологиялық жұмыстар және геологиялық барлау жұмыстары мен технологиялық бұрғылауды радиоэкологиялық алып жүру
    • Тау жыныстары мен жер асты суларында радиоактивті және ілеспе элементтерді анықтау бойынша аналитикалық жұмыстар
    • Ұңғымаларды бұрғылау және салу
    • Су жинағыш ұңғымаларын бұрғылау
    • Бұрғылау қондырғыларын жасап шығару және жөндеу
    • Тау-кен жабдықтары мен автокөліктерді жасап шығару және күрделі жөндеу