ГТЦ Филиалы

Жалпы мәлімет

   «Геотехносервистің» құрылу тарихы Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамытудың 2004 - 2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Ол кезде, 2005 жылы «Геотехносервис» «ГРК» ЖШС-нің филиалы ретінде құрылды, сонымен қатар мамандығы жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран кен орындарын игерудің негізгі технологиялық сатыларына сәйкес келетін бірқатар мамандандырылған кәсіпорындар да құрылды.  
2016 жылы «Геотехносервис» ЖШС «Волковгеология» АҚ-мен біріктірілді. Қоғамның Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен «Геотехноцентр» филиалы құрылды.
«Геотехноцентр» – уранның оқпандық қорлары бойынша және тау жыныстарының литологиялық-фильтрациялық түрлері бойынша мәліметтерді алу, тау жыныстарының фильтрациялық қасиеттерін, шегендеу бағанасының тұтастығын,  сүзгілерді отырғызу аралықтарын, ұңғымалардағы радиоактивті ауытқуларды және т.б анықтау  мақсатында ұңғымаларды геофизикалық зерттеу кешенін жүргізетін «Волковгеологияның» жаңа филиалы.
Қазіргі уақытта филиалдың Қазақстандағы барлық уран өндіруші кәсіпорындарға ҰГЗ қызметтерін көрсетуге жеткілікті өндірістік-әдістемелік қоры мен менеджменті бар.

«Волковгеология» АҚ – «Геотехноцентр» филиалының өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі түрлерінің құрылымы

 

«Геотехноцентр» филиалының ұйымдық құрылымы

 

Қызметтер тізімі

  1. Геофизикалық басқарма (ГФБ)

    Геофизикалық басқарманың құрамына: орталық камералық топ, ҰГЗ зертханасы және №1,2,3,4, 5 геофизикалық цехтары кіреді.

     Ең білікті инженерлерден құрылған орталық камералық топ әдістемелік нұсқаулықты, дала жұмыстарын және камералық жұмыстарды ағымдағы бақылауды, ҰГЗ материалдарын егжей-тегжейлі түсіндіруді жүзеге асырады.

     ҰГЗ зертханасы жоғары білікті инженер-геофизиктерден, электроншылардан және бағдарламашылардан тұрады, ҰГЗ қолданылатын әдістердің тиімділігін арттыру, ҰГЗ жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеу және енгізу мәселелерін шешеді, жаңа техниканы енгізуді және қолданыстағы техниканы жаңғыртуды қамтамасыз етеді, өндірістік цехтардың аппараттық паркін және жабдықтарын сервистік қолдау, геофизикалық мәліметтерді тіркеу және түсіндіруге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.  

     № 1,2,3,4,5 геофизикалық цехтары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумақтарында жұмыс орнына жақын жерде орналасқан.

  • Цех №1 – Таукент ауылы;
  • Цех №2 – Кыземшек ауылы;
  • Цех №3 – Шиелі ауылы;
  • Цех №4 – Тайқоңыр ауылы;
  • Цех №5 – Байкенже ауылы.

     Әрбір геофизикалық цех қажетті құрал-жабдықтармен, каротаж станцияларымен толық жабдықталған және білікті, тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілген. Біздің инженер-геофизиктер қысқа мерзімде сол учаске орнында барлық қажетті құжаттар мен ұңғыма төлқұжатын ресімдей отырып, ҰГЗ деректерін түсіндіруді жүргізеді.

     ҰГЗ деректерінің негізінде кен орнын пайдаланудың барлық кезеңдеріндегі геологиялық, техникалық, технологиялық және экологиялық мәселелер шешіледі. Компаниямен жүзеге асырылатын ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістерінің кешені тау-кен кәсіпорындарының геологиялық және технологиялық қызметтерін урандық кендену параметрлері, кен денелерінің морфологиясы, кенді горизонттардың геологиялық құрылымы, жыныстар мен кендердің литологиялық-фильтрациялық түрлері туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге және технологиялық ұңғымалардың техникалық жағдайы және геотехнологиялық полигондардың жұмыс тәртібі туралы сенімді деректер алуға мүмкіндік береді.

 

ҰГЗ әдістерінің кешені:

  • Гамма-каротаж (ГК);
  • Жедел бөліну нейтроны әдісі арқылы каротаждау (КНД-м);
  • Инклинометрия (ИН);
  • Болып көрінетін қарсылық әдісі арқылы электрокаротаждау (КС) және өздігінен поляризациялану (ПС);
  • Индукционды каротаждау (ИК);
  • Кавернометрия (КМ);
  • Тоқпен каротаждау (ТК);
  • Термометрия (ТМ);
  • Шығынметриясы (ШМ).

 

     Филиалда өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын толық орындау үшін, оның ішінде иондаушы сәулелену көздері, коллиматорлық қондырғылар, уранды кен денесінің құрамы мен қасиеттерінің мемлекеттік үлгілері, бақылау-тексеру ұңғымалары және т.б. қажеттінің бәрі бар.

    Филиал қызметкерлері ҰГЗ кешенін орындаумен байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, жөнге келтіру, түрлендіру және техникалық қолдау көрсету бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп тұрады.

    
    ҰГЗ деректерін түсіндіру және ұңғыма паспортын жасау «Волковгеология» АҚ филиалы – «Геотехноцентр» (бұрынғы «Геотехносервис» ЖШС) қызметкерлерімен әзірленген заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді – «Альфа» ҰГЗ деректерін кешенді түсіндіру жүйесін қолдану арқылы жасалады. 2007 жылы жүйеге авторлық құқық куәлігі алынды (31 қазан 2007 ж. № 482).

    Жүйе каротаж деректерін жылдам түсіндіруге және кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. «Альфа» жүйесі Қазақстанның уран өнеркәсібінде қабылданған нормативтік құжаттардың талаптарына толығымен сәйкес келеді.

 

    2. Геотехнологиялық басқарма (ГТБ)

Геотехнология –ЖҰШ әдісімен жаңа уран кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша Техникалық жобалардың тау-кен бөліктерін әзірлеумен, сонымен қатар тау-кен жұмыстарын дамытудың жылдық жоспарларын әзірлеумен байланысты саланың екінші маңызды мамандығы.

Көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлері:

Көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлері:

  • • тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге және уран кен орындарын өнеркәсіптік игеруге арналған техникалық жобалардың тау-кен бөлігін әзірлеу;
  • • уран кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
  • • тау-кен жұмыстарын дамытудың жылдық Жоспарларын әзірлеу;
  • • уран кен орындарын игерудің технологиялық регламентін әзірлеу;
  • • ПРГР бойынша жобалық шешімдерді және тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге және уран кен орындарын өнеркәсіптік игеруге арналған техникалық жобалардың тау-кен бөлігін орындауды авторлық қадағалау, технологиялық және техникалық бақылау;
  • • тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге және уран кен орындарын өнеркәсіптік игеруге арналған техникалық жобалардың тау-кен бөлігін технологиялық қолдау;
  • • проблемалық пайдалану блоктарындағы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін талдау және әзірлеу;
  • • қорларды игерудің негізгі геотехнологиялық көрсеткіштерінің болжамды есептеулері және ҰЖШ кенішінде уран өндіру көлемін анықтау;
  • • ҰЖШ кенішіндегі өндіру ұңғымалары полигонындағы қорларды игерудің геотехнологиялық көрсеткіштерін бақылау;
  • • берілген уақыт аралығында өтелген қорлар мен қайта өңдеуге тартылған қорлардың үлестерінің арақатынасын анықтау;
  • • ҰЖШ кенішіндегі өндіру ұңғымаларының геотехнологиялық полигонының жұмысы бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау процестерін автоматтандыру;
  • • Сыртқы ұйымдарға геология, гидрогеология, геотехнология мәселелері бойынша әдістемелік, сондай-ақ жобалау, зерттеу және басқа да жұмыс түрлері бойынша қызметтерді көрсету;
  • • Жұмыстардың перспективті бағыты «Surpak» бағдарламалық өнімін енгізу болып табылады, ол 3D-модельдеу негізінде мыналарға мүмкіндік береді:

 

- геотехнологиялық тілімдердің құрылысын автоматтандыруға;

- блоктарды ашуды талдау сапасын арттыруға;

- блоктар мен жұмыс учаскелеріндегі уран қорын автоматты түрде есептеуге;

- кен орындарын игерудің жобалық құжаттамасын әзірлеуді сапалы жаңа деңгейге көтеруге.

 

     3. Жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) зертханасы

     Филиал базасында «Сыртқы сәулелену кезінде қызметкерлердің жеке дозиметриялық бақылауын (ЖДБ) қамтамасыз ету» өндірістік қызмет бағыты он екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.

     ЖДБ зертханасы өндірістік қызметтен басқа, дозиметриялық анықтаулардың талап етілетін дәлдігін және осы саланы Қазақстан Республикасына тиісті нормативтік қамтамасыз етумен байланысты әдістемелік мәселелермен жүйелі түрде айналысады. 2007 жылы біздің бастамамызбен және тікелей қатысуымызбен Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне «Қоршаған ортаны жеке бақылау мен мониторингілеудің дозиметрлік термолюминесценттік жүйелері» стандарты енгізілді.

    Филиалдың жеке дозиметриялық бақылау бойынша қызмет көрсету құқығына Мемлекеттік лицензиясы бар (15.01.2015ж. №15022962), «Өлшем жағдайын бағалау туралы куәлік» 26.08.2016ж. №61/16 «НаЦЭкС» АҚ АФ ЖДБ зертханасында.

     Филиалдың ИСО 9001, OHSAS 18001, ИСО 14001 менеджмент жүйелері стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификаттары бар.

     ЖДБ зертханасы жұмысты Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті талаптары негізінде жүзеге асырады, атап айтқанда келесі Санитарлық ережелерді басшылыққа алады: «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №261 бұйрығымен бекітілген «РҚҚСЭТ» СЕ), «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №260 бұйрығымен бекітілген «РҚОСЭТ» СЕ).

     Жеке дозаларды анықтау үшін екі дозиметриялық құрылғы қолданылады ДВГ-02ТМ («Доза» ғылыми-өндірістік кәсіпорнында өндірілген, Ресей) және ДТЛ-02 термолюминесцентті дозиметрлер (LiF литий фторид негізіндегі екі детектормен) Ангарск электролиз химиялық зауытында өндірілген, Ресей.

     Құрылғы термолюминесцентті дозиметрлермен жабдықталған, бұл стандартты жеткізілім, бірақ негізінен қондырғы әртүрлі сәулелену түрлерін өлшеуге арналған, Тапсырыс берушімен келісе отырып, дозиметрлердің басқа түрлерімен толықтыруға болады.

    «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай және өлшемдердің сапасын ішкі және сыртқы бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, зертхананың дозиметриялық кешендері «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» Қапшағай қаласындағы Алматы қаласы бойынша филиалының Иондаушы сәулеленуді өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау бөлімінде жылына бір рет кезеңді тексерістен өтеді. Осы жерде тоқсан сайын дозиметрлердің материалының коэффициенті анықталады. СМЖ (сапа менеджменті жүйелерінің) ішкі және сыртқы аудиттері мерзімді түрде жүргізіледі. ЖДБ негізгі міндеті– жеке жылдық тиімді дозаны бақылау негізінде зертхана бақылау кезеңі ретінде бір тоқсанды қабылдайды.

     Бүгінгі таңда зертхананың иелігінде 8 мың дозиметр бар, бұл қызметкерлерді үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Қазіргі уақытта бізбен 30-дан астам тапсырыс беруші ұйымдар жұмыс істейді, бірақ бұл зертхананың мүмкіндіктерін шектемейді, сондықтан біз сізді жеке дозиметрия саласында ынтымақтастыққа шақырамыз.

Байланыс

«Волковгеология» АҚ - «Геотехноцентр» филиалы

Алматы қ., 050012

Бөгенбай батыр көш., 156-156а

тел. +7 (727) 343 61 79

факс +7 (727) 343 61 82

e-mail: info@geots.kz